KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Барлық қатысушыларға белсенділігі, ғылымға деген қызығушылығы және шынайы командалық, жылы атмосфера қалыптастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Баяндамалар мазмұнды әрі сенімді болды, талқылаулар – қызу да өзара құрметке негізделген деңгейде өтті. Ең бастысы, әрбір сөздің артында қаншама еңбек пен дайындық тұрғаны анық көрінді. Конференция аясында аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырған мазмұнды дәрістер ұйымдастырылды. Сонымен қатар жарқын, қарқынды әрі нағыз командалық рухта өткен хирургиялық олимпиада жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Ғылыми жетекшілер мен ұйымдастырушыларға конференцияның барлық кезеңдерін нақты әрі үйлесімді ұйымдастырғаны және қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс айтамыз. «Әлиев оқулары» студенттерге, резиденттерге және жас зерттеушілерге өз ғылыми жұмыстарын еркін, сенімді әрі қызығушылықпен ұсынуға мүмкіндік беретін алаң болып қала беретініне шын жүректен қуаныштымыз. Байқау жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктеріңізбен тоқтамай, жаңа идеялар, мықты жобалар және шабыт тілейміз! Хирургия бойынша олимпиада: 1. Курманова Данеля 2. Джаров Фаиг 3. Ибрагим Дияр 4. Усенжанов Амир 5. Шермахан Аяулым 6. Құралбаева Баян Үздік баяндама: 1. Khadijah Muhammad 2. Алихан Мерей Ғабитқызы 3. Абдрахамнова Асем Бахтовна 4. Сулейменов Жасулан Сулейманович 5. Закирова Рамиля Муратқызы 6. Жуматова Зарина Сергеевна Үздік ғылыми жоба: 1. Султанбекова Айша Ануарбековна 2. Қалдарбек Әділет Нұрланұлы 3. Веригина Полина Константиновна 4. Слубек Алтынай Дархановна 5. Khadijah Muhammad Үздік анатомиялық сурет: 1. Еркебай Амира 2. Дендибай Карина 3. Касымжанова Лейла 4. Шрамко Татьяна 5. Бахытбек Мерсамид 6. Жапарбекова Аяулым Эссе байқауы: 1. Тарпанбаева Адина Ерсаиновна 2. Төлеген Тоғжан Бауыржанқызы Жүлдегерлерден марапаттарын алып кетулерін сұраймыз. Сондай-ақ анатомиялық сурет байқауына қатысушылар тапсырған суреттерін алып кетулеріне болады. Қолайлы уақытты келісу үшін WhatsApp арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 707 675 5875 (Тимур).