Студенттер Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды
2025 жылғы 21 қарашада Медицина факультетінің 102 тобының студенттері үшін Қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор Джекебаева М.А. Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара барысында білім алушылар көрнекті қазақ ғалымы, ағартушы, лингвист және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен көпқырлы қызметімен танысты. Экскурсоводтар оның қазақ жазба тілін дамытуға қосқан зор үлесін, әліпби реформасын жүзеге асырудағы еңбегін, сондай-ақ ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты баяндады. Экскурсия студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың жалпы дүниетанымын кеңейтуге және азаматтық-патриоттық құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.