Қайырымдылық концерт
2026 ж. 4 наурыз күні «Creative nexus» шығармашылық үйірмесінің студенттері №9 түзету мектеп-интернатына барып, қайырымдылық концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шара барысында университеттің талантты студенттері өнер көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламада домбырашылар ансамблі ұлттық күйлер орындап, ал вокалист студенттер әсем әндерін тарту етті. Іс-шараның басты мақсаты — балаларға қуаныш сыйлап, оларға мәдени-рухани қолдау көрсету. Концерт жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушылар студенттердің өнерін үлкен ықыласпен қабылдады. Мұндай кездесулер мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын арттырып, балаларға ұмытылмас әсер сыйлайды.