Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша университетішілік байқаудың басталуы
Қазақстан-Ресей медициналық университетінде 2026 жылғы 1–12 сәуір аралығында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша университетішілік байқау кезеңі өтеді. Байқау білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, олардың ғылыми әлеуетін қолдауға және үздік студенттік жұмыстарды анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, бұл кезең келесі деңгейлерде өтетін байқауларға қатысу үшін ең үздік жобаларды іріктеуге мүмкіндік береді. Байқауға 1–7 курс студенттері қатысуға шақырылады. Барлық студенттерді белсенді қатысуға, өз ғылыми жұмыстарының нәтижелерін, инновациялық идеялары мен зерттеушілік дағдыларын көрсетуге шақырамыз. -Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 1–12 сәуір -Нәтижелерді жариялау: 2026 жылғы 17 сәуір
Университетішілік байқауға қатысу үшін білім алушылар 2026 жылғы 12 сәуірге дейін конкурс материалдарын электрондық форматта келесі сілтеме арқылы ұсынылған нысанды толтыру арқылы тапсыруы қажет:Қатысу үшін қажетті барлық құжаттар көрсетілген сілтеме арқылы қолжетімді. Барлық қатысушыларға сәттілік және жоғары ғылыми жетістіктер тілейміз!