Академик Әлиев мұрасы: ҚРМУ-да «Білім марафоны» басталды
Бүгін біз ұлы хирург, академик Мұхтар Әлиұлы Әлиевтің туған күнін атап өттік. 1-курс студенттері академиктің өмір жолы туралы фильмді тамашалап, «Білім марафонына» ресми түрде қадам басты. Университет ректоры, академиктің адал шәкірті Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев студенттерге ақ жол тілеп, марафонның маңыздылығын атап өтті. Мұхтар Әлиұлының мектебінен шыққан Болатбек Баймаханов, Жақсылық Доскалиев, Қырым Ахметов секілді тұлғалар бүгінде ел медицинасының тірегі болып отыр. Марафон номинациялары: *Хирургия олимпиадасы; *Үздік баяндама; *Үздік ғылыми жоба; *Анатомиялық сурет және эссе байқауы; *Клиникалық логика. Жеңімпаздарды арнайы ескерткіш сыйлықтар мен дипломдар күтеді. Финал 26-27 ақпанда өтетін «Әлиев оқулары» конференциясында болады.