«Түркі халықтарының үздік студенті»
2025 жылғы 25 қазанда Астана қаласында «Bilim Orkenieti» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқау жастар саясатын дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, олардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын ілгерілетуге бағытталған «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында өткізілді. Университетіміздің «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенті Абилашим Айша және 2 курс студенті Қаранар Айғаным байқауға қатысып I дәрежелі диплом иегерлері атанды.