KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2026 жылғы сәуір айында Қазақстан-Ресей медицина университетінде Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жетекші ғылыми-білім беру және клиникалық орталығы ретінде университеттің болашақ бейнесін қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби қызметте жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану мақсатында Университеттің әкімшілік және академиялық қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар кешені өткізілді. Стратегиялық жұмыстың бастамашысы ҚРМУ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жайнақбаев Нұрлан Темірбекұлы болды. Іс-шараны Халықаралық цифрлық медициналық технологиялар институтының өкілдері Ануфриев Сергей Анатольевич және Алмазов Андрей Александрович ұйымдастырды. Стратегиялық сессия барысында оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және университет өкілдері бірлесіп Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ҚРМУ маңызды рөл атқара алатын негізгі мәселелерді айқындады. Білім беру, ғылыми және клиникалық қызметті дамытудың басым бағыттары, университеттің мықты тұстары мен одан әрі дамытуды қажет ететін бағыттар, сондай-ақ қажетті ресурстар мен ықтимал тәуекелдер қарастырылды. ҚРМУ-дың білім, ғылым және клиникалық практиканы біріктіретін, елдің денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған заманауи орталық ретіндегі мақсатты бейнесін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі қызметкерлердің жасанды интеллект саласындағы цифрлық құзыреттерін дамыту болды. «Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект: мүмкіндіктері, тәуекелдері және практикалық қолданылуы» атты шеберлік сабағы барысында қатысушылар клиникалық, ғылыми және басқару қызметінде жасанды интеллектіні қолданудың заманауи сценарийлерін, дәрігерлердің шешім қабылдауын қолдау жүйелерін, генеративті жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз пайдалану мүмкіндіктерін, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі медициналық шешімдерді таңдау және енгізу мәселелерін қарастырды. Құқықтық, этикалық және ақпараттық тәуекелдерге, технологиялардың шектеулеріне, сондай-ақ оларды енгізудің тиімділігі мен экономикалық орындылығын бағалауға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар бүгінгі таңда жасанды интеллект көмегімен шешуге болатын міндеттерді айқындап, оны кәсіби қызметке енгізудің бастапқы тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шаралар ҚРМУ-дың цифрлық трансформация, кадрлық әлеуетті дамыту және жасанды интеллектіні университеттің білім беру, ғылыми, клиникалық және басқару қызметіне енгізу бағыттарындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.