KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Қазақстан Республикасының медициналық білім беру жүйесінде қысқа мерзімді бейресми білім беру курстары жаңа мамандық алуға емес, қолданыстағы біліктілік шеңберінде кәсіби құзыреттерді дамытуға және жаңартуға бағытталған. Мұндай оқыту форматы медициналық мамандарға диагностика, емдеу және науқастарға күтім жасаудың заманауи әдістерін жедел меңгеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының өзекті стандарттарына сәйкес көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл контексте қазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылатын upskilling және reskilling тәсілдері маңызды рөл атқарады. Upskilling маманның бар кәсіби дағдыларын тереңдету мен кеңейтуді көздейді. Мысалы, дәрігер немесе мейірбике өз саласындағы жаңа клиникалық хаттамалар мен заманауи технологиялар бойынша курстан өтіп, негізгі мамандығын өзгертпей-ақ біліктілік деңгейін арттыра алады. Ал reskilling денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі талаптарына бейімделу үшін жаңа кәсіби дағдыларды меңгерумен байланысты. Алайда Қазақстан Республикасының медициналық білім беру жүйесіндегі қысқа мерзімді бейресми курстар аясында бұл тәсіл шектеулі түрде жүзеге асады, себебі мұндай бағдарламалар кәсіби біліктілікті толық өзгертуге немесе жаңа медициналық мамандық алуға бағытталмайды. Осылайша, қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары үздіксіз кәсіби дамудың маңызды құралы болып табылады және медициналық қызметкерлердің өзекті білім мен практикалық дағдыларын upskilling және ішінара reskilling тетіктері арқылы қолдауға мүмкіндік береді.