KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2026 жылдың 3 ақпанында университетте Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға тергеушісі, полиция майоры Досболова Сүлушаш Ақылбекқызының қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында нашақорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды, есірткі заттарын заңсыз айналымы мен қолданудың құқықтық салдары түсіндірілді. Арнайы көңіл сау өмір салтын қалыптастыруға және жеке жауапкершілікке бағытталды. Іс-шара соңында қатысушыларға есірткі заттарын қолдануға теріс көзқарас қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және нашақорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың салдарын түсінуге бағытталған бейнефильм көрсетілді. Кездесу қатысушылары қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауап алды.