Біз студентімізді мақтан тұтамыз!
Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенті Ибрагимова Элеонора Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. «Трап» спорттық ату дисциплинасында Элеонора іріктеу кезеңінде 125 нысананың 110-ын дәл көздеп, финалға жолдама алды және үздік 8 спортшының қатарына енді. Финал қорытындысы бойынша спортшы 8-орынға ие болды. Элеонораны халықаралық аренадағы лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа спорттық жеңістер тілейміз! Қазақстан-Ресей медициналық университеті студенттерімен мақтанады! Қазақстан-Ресей медициналық университеті өз студенттерімен мақтанады!