KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 13–17 қазан аралығында Ташкент қаласында «Өзбекстандағы қазақстандық медицинаның күндері» форумы аясында Халықаралық стоматология олимпиадасы өтті. Бұл беделді іс-шараға екі елдің 17 медициналық жоғары оқу орнынан өкілдер қатысты. Университетіміздің 5-курс студенттері — Ташпулатов Шохзод (505Б) және Бакшалиев Алмаз (506Б) — ҚРМУ намысын абыроймен қорғап, балалар стоматологиясы секциясы бойынша III орынға ие болды. Біздің студенттердің халықаралық олимпиадалардағы жоғары жетістіктері университетте берілетін стоматологиялық білімнің сапасын дәлелдеп, болашақ мамандарды кәсіби өсу мен жетілуге шабыттандырады.