KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2026 жылғы 11 наурызда «Ересектер және балалар неврологиясы» мамандығы бойынша 1-жыл резиденттері Неврология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Лепесова Маржан Махмутовнамен бірлесе отырып, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында орналасқан «Ақ жол-М» балаларды оңалту орталығына волонтерлік көмек көрсету мақсатында барды. Профессор Лепесова М.М. мен резиденттер түрлі диагноздары бар шамамен 50 баланы тексерді. Олардың ішінде: церебралды сал ауруының әртүрлі түрлері, монопарездер, атипиялық аутизм, ақыл-ой кемістігі, эпилепсия, жұлын бұлшықет атрофиясы, Даун синдромы, төменгі аяқ-қолдардың туа біткен аномалиялары, орталық жүйке жүйесінің туа біткен патологиялары, психо-сөйлеу дамуының тежелуі және т.б. бар. Бұл оңалту орталығында жүйке және тірек-қимыл жүйесі аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу жүргізіледі. Орталық мамандары өз тәжірибесінде заманауи инновациялық технологиялар мен халықаралық емдеу стандарттарын қолданады. Резиденттер үшін орталық бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар түрлі жабдықтармен қамтамасыз етілген бөлмелерді көрді: ми электростимуляциясы бөлмесі, локомоторлық кешендер залы, бассейн, иммерсиялық ванна бөлмесі, сенсорлық бөлме, оқу кабинеттері және тағы басқа. Орталық дәліздерінде ата-аналар мен балалардың уақытты пайдалы өткізуі үшін ыңғайлы дивандар мен кітап сөрелері орналасқан. Сонымен қатар, кең әрі жайлы асхана бар. Қазіргі таңда «Ақ жол-М» оңалту орталығы еліміздегі ең заманауи технологиялармен жабдықталған жетекші оңалту орталықтарының бірі болып табылады.