Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында университетте конференциялар, дөңгелек үстелдер, кураторлық сағаттар, семинарлар және қала музейлеріне экскурсиялар қамтылған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Студенттерге бейнефильмдер мен презентациялар көрсетілді. Кітапханада оқырмандар назарына «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты – Отан тарихына деген қызығушылықты арттыру, патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.