ҚРМУ студенттері Бішкекте өткен Medical Skills олимпиадасында III орын иеленді
2026 жылғы 20-22 сәуір аралығында Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенттері Бішкек қаласында өткен халықаралық Medical Skills олимпиадасына қатысты. Олимпиада барысында InterNova командасы практикалық дайындықтың жоғары деңгейін, дамыған клиникалық ойлау қабілетін, тиімді командалық өзара іс-қимылды және заманауи медициналық білім беру мен тәжірибе талаптарына сай кәсіби құзыреттерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша InterNova командасы университет намысын абыроймен қорғап, білім алушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп, III орын иеленді. InterNova командасының мүшелерін табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктері алдағы кәсіби дамуына, ғылыми табыстарына және жаңа жеңістеріне берік негіз болатынына сенім білдіреміз!