«Абайды оқы, таңырқа»
2025 жылдың 31 қазанында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Медицина» мамандығы бойынша 3-курс студенттері философия пәнінен Қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Оразхан Т.О. жетекшілігімен «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды. Шараның мақсаты – Абай туралы тың мәліметтермен бөлісу, оның рухани мұрасына терең бойлау және шығармашылығын кеңінен дәріптеу болды. Кеш барысында Абайдың әндері мен күйлері орындалып, өлеңдері мен қарасөздері жатқа оқылды. Ойшылдың философиялық тұжырымдары талданып, «Толық адам» ілімінің мән-маңызы зерделeндi. Сондай-ақ Абайдың жастарға деген қамқорлығын және олардың алғырлығын жоғары бағалағанын көрсететін сахналық қойылым ұсынылды. Тақырыпты кеңірек ашатын мазмұнды баяндамалар оқылды. Кеш соңында шағын викторина ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Әдеби-музыкалық кеш көрермендерге әсерлі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, өмірлік мәселелерді тереңірек түсінуге ықпал ететін ой салды.