Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық-ағартушылық дәріс
2025 жылғы 2-4 желтоқсанда университеттегі барлық курстардың студенттері үшін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «АИТВ-инфекциясының алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық дәрістер топтамасы өтті. Іс-шара студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алудың заманауи тәсілдері, берілу жолдары, диагностика әдістері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер денсаулықты қорғау және сақтау мәселелері бойынша өзекті мәліметтер алып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Дәрістер циклі ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№7 қалалық емхана» КМК бірлесіп, өткізілді. Дәрістерді эпидемиология және жұқпалы аурулардың алдын алу саласында практикалық тәжірибесі бар, Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№7 Қалалық емхана» КМК өкілі А.Б. Ельшибаев және м. ғ. д., жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры А.М.Дмитровский оқыды.