«Парасаттылық сағаты»
2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында барлық факультеттер мен курстарда «Парасаттылық сағаты» атты тақырыптық іс-шаралар өтті. Іс-шара барысында студенттерге адалдық, әділдік, жауапкершілік және адамгершілік қағидаттарын дамытуға бағытталған бейнематериалдар мен презентациялар ұсынылды. Қатысушылар қоғамдағы парасаттылықтың нақты көріністерін, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын, сондай-ақ оған күнделікті өмірде қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін талқылады. Шараның маңызды бөлігі тарихи тұлғалардың өнегелі өміріне арналған бейнероликтерді тамашалау болды. Көрсетілген материалдардың қатарына: «Қожа Ахмет Ясауи: әділдік жолымен», «Әйтеке би: парасат биігі мен сөз құдіреті», Бауыржан Момышұлы туралы бейнематериал, Мұқағали Мақатаев: «Мәңгілік мұра», Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен мұрасына арналған фильм, «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары», «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай», сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған өзге де бейнематериалдар енгізілді. «Парасаттылық сағаты» жастардың адал әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосты.