KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Apoorva Manoj, Қазақстан-Ресей Медицина Университетінің Халықаралық медицина мектебінің 1-курс студенті, «Бір Ән Салайық» қалалық музыкалық жобасының финалына шықты. Жоба Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы ұйымдастырған және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Ол әртүрлі ЖОО студенттерін біріктіріп, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Бірнеше іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға Қазақстан және әлем музыкасын орындаған үздік дуэттер шығады. Конкурс финалы 14 сәуірде өтеді. Университетіміз студентіміздің жетістігіне мақтанышпен қарайды және оған жарқын әрі сәтті өнер көрсету тілейді! Бұрын Apoorva Manoj «Köremiz» телешоуына да қатысқан болатын. Видеоны мына сілтемеден көруге болады — оның қатысу сәті 11:30 минуттан басталады. https://www.youtube.com/watch?v=H5AQZA0WXCY