KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

ҚРМУ-дың тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес Студенттер үйлерінде ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді. Кездесу студенттер санының көп болуына байланысты кезең-кезеңімен, бірнеше уақыттық топ бойынша ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушыларға Студенттер үйінде тұру ережелері, тәртіпті сақтау және санитарлық нормаларды сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өткізілді. Білім алушылар төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдерімен танысып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Осындай кездесулер студенттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік пен өзара құрметті арттыруға бағытталған.