«Химия-биологиялық факторлардың жануарлар ағзасына әсері» тақырыбында ғылыми-білім беру конференциясы
2026 жылғы 14 наурызда КРМУ университетінің бас ғимаратында молекулалық биология, жалпы химия және биохимия кафедрасында медициналық генетика курсымен «Химия-биологиялық факторлардың жануарлар ағзасына әсері» тақырыбында ғылыми-білім беру конференциясы өтті. Конференцияға «Медицина», «Стоматология» «Фармация» мамандығының 1-2 курс студенттері топтары және Өзбекстан медициналық университетінен онлайн қатысушы студенттер болды. Конференцияны кафедра меңгерушісі Тунгушбаева З.Б. және де басқа да мұғалімдермен қатысуымен өткізілді. Бұл конференцияның ғылыми тәрбиелік мәні студент жастарды ғылыммен айналысумен қатар жеке басының тазалығы мен гигиенасының қаншалықты маңызды екендігі және қоғамдағы көптеген ауыр аурулардың алдын алуға болатындығы талқылынып түсіндірілді. Осы конференцияға қатысушы жастарды ары қарай ынталандыру мақсатында үш негізгі орын тағайындалды.