KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

10 сәуір күні Астана қаласындағы Үндістан Елшілігінде Үндістан Елшісімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері қатысты. ҚРМУ Халықаралық медицина мектебі де кездесуге қатысты. Тараптар жоғары білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді. Қазақстан жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттерді оқыту және қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Диалог барысында қатысушылар екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы академиялық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын кеңейту, тағылымдамаларды ұйымдастыру, бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу перспективалары қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген келісімдердің серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға берік негіз болатынына сенім білдіріп, медициналық білім беру сапасын арттыруға және Қазақстан мен Үндістан арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.