Элеонора Ибрагимова — Азия және әлем рекордшысы
2026 жылғы 11–22 қаңтар аралығында Катар мемлекетінің Доха қаласында стенд атудан Азия чемпионаты (Asia Shotgun Championship) өтті. Әлемнің 20-дан астам елінен ең мықты мергендер жиналған осы ірі халықаралық жарыста Қазақстан атынан Жалпы медицина факультетінің 421 «Б» тобының студенті Элеонора Ибрагимова өнер көрсетті. TRT – Trap Team жаттығуының финалында Элеонора 23 дәл соққы жасап, Азия және әлем рекордтарын жаңартты, сондай-ақ команда құрамында алтын медаль жеңіп алды. TRW – Trap Women дисциплинасында финалда Тайвань спортшысына жол беріп, екінші орынға ие болды. Элеонора Ибрагимованың және басқа да спортшылардың сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Элеонора Ибрагимованы Азия және әлем рекордтарын орнатуымен әрі жеңіп алған медальдарымен құттықтаймыз!