KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2026 жылғы 1 қазанда Халықаралық қарттар күніне және Жоғары білім қызметкерлері күніне орай университет Ұлы Отан соғысының ардагері, профессор Зұлқарнай Сейітовті ерекше құрметпен құттықтады. Профессордың өмір жолы – Отанға деген адалдықтың, ерліктің, ғылым мен білімге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Оның жоғары білім саласына қосқан көп жылғы еңбегі мен мол тәжірибесі зор құрметке лайық. Әріптестері ардагер ұстазға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тіледі. Ұлағатты ғұмырыңыз бен өнегелі жолыңыз кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болсын!