Конституциялық реформалар – ғылымның жаңа кезеңі
Қазақстан–Ресей медициналық университетінде Жаңа Конституцияның ғылым мен жоғары білімнің дамуына тигізетін ықпалына арналған ашық дәріс өтті. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Кездесу барысында Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар ғылыми-технологиялық прогресті жеделдетуге, инновацияларды дамытуға және академиялық еркіндікті кеңейтуге негіз болатын маңызды құндылық екені айтылды. Қатысушылар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, жасыл энергетика, инженерия және биотехнология салаларын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді. Олардың пікірінше, Жаңа Конституция отандық ғылымның әлеуетін арттырып, білікті жас зерттеушілерді даярлауға және ғылыми ортаның одан әрі дамуына кең мүмкіндік береді.