KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

04 маусым 2026 жыл, Алматы қ.

ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесі 2026-2027 оқу жылына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына кафедраларға/курстарға конкурс жариялайды:

Анатомия кафедрасы курстарымен
анатомия кафедрасының физиология курсы
анатомия кафедрасының гистология курсы
Травматология, ортопедия және әскери-далалық хирургия кафедрасы
Акушерия және гинекология кафедрасы
Радиология курсымен онкология кафедрасы
онкология кафедрасының радиология курсы
Апат медицинасы және шұғыл көмек көрсетуді ұйымдастыру кафедрасы курстарымен
апат медицинасы және шұғыл көмек көрсетуді ұйымдастыру кафедрасының төтенше жағдайлар медицина курсы
апат медицинасы және шұғыл көмек көрсетуді ұйымдастыру кафедрасының жедел шұғыл медициналық көмек курсы
Жалпы хирургия кафедрасы курстарымен
жалпы хирургия кафедрасының балалар хирургиясы курсы
жалпы хирургия кафедрасының оториноларингология курсы
жалпы хирургия кафедрасының урология курсы
Фтизиатрия курсымен дерматовенерология кафедрасы
дерматовенерология кафедрасының фтизиатрия курсы
Инфекциялық аурулар кафедрасы
Психиатрия және наркология кафедрасы
Неврология кафедрасы
Жалпы дәрігерлік практика кафедрасы
Эндокринология кафедрасы
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
Анестезиология және реаниматология курсымен хирургия кафедрасы
хирургия кафедрасының анестезиология және реаниматология курсы
Офтальмология кафедрасы
Балалар жұқпалы аурулар курсымен педиатрия кафедрасы
педиатрия кафедрасының балалар жұқпалы аурулар курсы
Ішкі аурулар кафедрасы
Фармакология кафедрасы
Фармация кафедрасы
Иммунология курсымен микробиология кафедрасы
Медициналық генетика курсымен молекулярлық биология, жалпы химия және биохимия кафедрасы
Молекулярлық биология, жалпы химия және биохимия кафедрасының медициналық генетика курсы
Қоғамдық денсаулық кафедрасы
Гигиена және эпидемиология кафедрасы
Стоматология кафедрасы
Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы курсымен
патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының патологиялық физиология курсы
Қоғамдық пәндер кафедрасы
Жақсүйек-бет хирургия кафедрасы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру акушерия және гинекология курсы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру неонатология курсы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кардиология курсы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру физикалық медицина және оңалту курсы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оториноларингология курсы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру терапия курсы

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына Университеттің біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалар жіберіледі.

Толық ақпарат «ҚазРосмедуниверситет» МЕББМ сайтында krmu.edu.kz «Жұмысқа шақырамыз» бөлімінде.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Университет ректорының атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. Түйіндеме (нысаны қоса беріледі);
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. Соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  5. Сертификаттау немесе тиісті мамандық бойынша санат беру туралы құжаттардың көшірмелері (клиникалық кафедралар үшін);
  6. № 075У үлгідегі медициналық анықтама немесе жеке медициналық кітапша;
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  8. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  9. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  10. Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер.

Жоғарыда көрсетілген 6) – 9) тармақшалар бойынша ұсынылатын анықтамалар құжаттарды тапсыру күніне дейін бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде болуы мүмкін.

Осы Ереженің тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсыну не өтініш уақтылы берілмеген жағдайда, өтінішті қабылдаудан еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады.

Университет қызметкерлері болып табылатын тұлғалар, Университеттің ресми интернет-сайтында конкурс туралы хабарландыруда жарияланған құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кешіктірмей қайта сайлау конкурсына қатысу үшін еркін нысанда өтініш береді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысатын кандидаттың құжаттары алдын ала тиісті кафедраның отырысында қаралады, онда ұсынымдық сипатта қорытынды шығарады.

Конкурсқа қатысатын және ғылыми-педагогикалық өтілі бар кандидаттар конкурс алдындағы кезеңдегі ғылыми-педагогикалық қызметі туралы кафедра отырысында есеп береді.

Бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын кандидаттар кадрлар бөліміне құжаттар пакетін тапсырғанға дейін тиісті кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен оқытатын пәні бойынша ашық оқу сабағын өткізуге құқылы.

Әрбір кандидат бойынша кафедра қорытындысы кафедра отырысының хаттамасынан үзінді түрінде Конкурстық комиссияға жіберіледі.

Конкурсқа қатысушылар кафедра отырысына қатысуға және олардың қалауы бойынша оның қорытындысымен танысуға құқылы.

Кафедра/курс меңгерушісі лауазымына конкурсқа қатысатын кандидаттар Конкурстық комиссияның отырысына тиісті кафедраның/курстың үш жылға арналған стратегиялық дамуы туралы презентацияны ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: : 2026 жылғы 4 маусымнан 2026 жылғы 12 маусымға дейін, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (жұмыс күндері)..
Конкурс өткізу мерзімі: 2026 жылғы 15 маусымнан бастап бекітілген кестеге сәйкес.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51/53, Кадр бөлімі.
Телефон: +7(727)2792879
e-mail: v.veryovkina@medkrmu.kz
e-mail: z.jakupova@medkrmu.kz

04.06.2026 Толтыруға арналған түйіндеме Профессорлық және оқытушылық лауазымдарға конкурстық орналасу ережелері 29.08.2025