KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОКТОРАНТУРАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

БІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЫЗ

8D10101 «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ»

БББ МИССИЯСЫ:
Қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық және кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті, заманауи ғылыми білімді меңгерген, жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау және философия докторы (PhD) дәрежесін беру.

8D10102 «МЕДИЦИНА»

БББ МИССИЯСЫ:
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық кадрлардың кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыру, жаңа буын мамандарының заманауи құзыреттерін қалыптастыру, шығармашылық және инновациялық ойлау қабілеті жоғары, жаһандық кәсіби қоғамдастықта бәсекеге қабілетті тұлғаларды даярлау.

8D10103 «ФАРМАЦИЯ»

БББ МИССИЯСЫ:
Бұл фармацевтика саласындағы медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін мамандарды іргелі білім беру, әдіснамалық және ғылыми-зерттеу тұрғысынан даярлауды қамтамасыз етеді.

ДОКТОРАНТУРАДАҒЫ ОҚУ ПРОЦЕСІ:

ДОКТОРАНТУРАДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Докторантураның білім беру бағдарламасы мыналарды қамтиды:

  1. теориялық оқытуды, оның ішінде базалық және бейіндік пәндер циклдерін зерделеуді;
  2. практикалық даярлықты: практиканың әртүрлі түрлерін, кәсіби тағылымдамалардан өтуді;
  3. ғылыми-зерттеу жұмысын, оның ішінде ғылыми-педагогикалық докторантура бойынша докторлық диссертацияны орындауды;
  4. аралық және қорытынды аттестаттауды.

ДОКТОРАНТТЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРУІ ҮШІН ҚАЖЕТ КРЕДИТТЕР КӨЛЕМІ

Философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) кадрларын даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі критерийі докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қамтитын кемінде 180 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады, оның ішінде: білім беру компоненті – 45 кредит, ғылыми компонент – 123 кредит, қорытынды аттестаттау – 12 кредит.

Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті ғылыми-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ҒЗЖД), ғылыми жарияланымдардан, докторлық диссертацияны жазу және қорғаудан қалыптастырылады.

Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгерген және диссертациясын сәтті қорғаған жағдайда, докторантқа оқу мерзіміне қарамастан философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.

ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ БЕКІТУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ

Докторлық диссертацияға ғылыми жетекшілік ету үшін докторантқа оқуға қабылданған күннен бастап екі ай ішінде ғылыми жетекшілер тағайындалады.

Ғылыми жетекшілік ету жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен Ғылыми кеңестің шешімі негізінде бекітіледі.

Философия докторы (PhD) дәрежесін алуға үміткер докторанттарға ғылыми жетекшілікті кемінде екі консультант жүзеге асырады. Консультанттар ғылым докторлары, ғылым кандидаттары немесе бейіні бойынша философия докторлары (PhD) қатарынан тағайындалады, олардың біреуі шетелдік жоғары оқу орнының ғалымы болуы тиіс.

Докторлық диссертацияның тақырыбы бірінші семестр ішінде айқындалады және бітіруші кафедра мен ғылыми-клиникалық кеңестің шешімдері негізінде Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

Требования к назначению научных консультантов докторанта

Диссертация выполняется под руководством отечественного и зарубежного научных консультантов, имеющих ученые степени (кандидат наук, доктор наук, доктор философии (PhD), доктор по профилю) или академические степени доктора философии (PhD), доктора по профилю или степени доктора философии (PhD), доктора по профилю и являющихся специалистами в области научных исследований докторанта(из Правил присуждения степеней, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127. )

ДОКТОРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласында маманданған, ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежелері бар отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес.

ДОКТОРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

Докторанттарға ғылыми жетекшілікті мынадай талаптарға сәйкес келетін оқытушы жүзеге асырады:

  1. ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі болуы;
  2. 8D10 «Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты бойынша авторы болуы: Web of Science Core Collection (Web of Science Core Collection) деректері бойынша JCR (Journal Citation Reports) базасында 1, 2 немесе 3-квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақаласы болуы немесе CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болуы, не Хирш индексі 2 (екі) және одан жоғары болуы тиіс.

(Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес.)

ДОКТОРАНТТЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Докторант ғылыми консультанттың (консультанттардың) жетекшілігімен әзірленетін жеке жұмыс жоспары негізінде білім алады. Жеке жұмыс жоспары оқу кезеңінің барлық мерзіміне жасалады және мынадай бөлімдерді қамтиды:

  1. Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – теориялық оқытуды (міндетті компонент пәндерін және базалық әрі бейіндік пәндердің таңдау компоненті пәндерін) қамтиды (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтылануы мүмкін);
  2. ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы – зерттеу тақырыбын, зерттеу бағытын, орындау мерзімдерін және есептілік нысанын қамтиды;
  3. практика – бағдарламасын, өткізу базасын, мерзімдерін және есептілік нысанын қамтиды;
  4. докторлық диссертацияның тақырыбы – оның негіздемесі мен құрылымын (аннотациясын) көрсете отырып;
  5. докторлық диссертацияны орындаудың күнтізбелік жоспары;
  6. ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары, оның ішінде шетелдік тағылымдамалар.

Докторант оқу жылының қорытындысы бойынша жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалау мақсатында жыл сайын академиялық аттестаттаудан өтеді.

ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (PhD) БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛАТЫН ДОКТОРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі проблематикасына сәйкес келуі;
  2. өзекті болуы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;
  3. ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
  4. компьютерлік технологияларды қолдана отырып, деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістеріне негізделуі;
  5. ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана отырып орындалуы;
  6. негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы.

ДОКТОРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі проблематикасына сәйкес келуі;
  2. Өзекті болуы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;
  3. Ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
  4. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістеріне негізделуі;
  5. Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалана отырып орындалуы;
  6. Негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы.

ДОКТОРАНТТЫҢ ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛУІ ҮШІН ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертацияны қорғауға дейін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген ғылыми басылымдарда және (немесе) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда жариялануы тиіс.

Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдың Journal Citation Reports (Journal Citation Reports) (бұдан әрі – JCR) деректері бойынша импакт-факторы болуы және (немесе) Clarivate Analytics компаниясының Web of Science Core Collection дерекқорында индекстелуі (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімдері) немесе диссертацияның мазмұнына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus дерекқорындағы CiteScore бойынша белгіленген процентиль көрсеткішіне ие болуы тиіс.

Қорғауға жіберу үшін жарияланымдарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген талаптардың 2-тарауының 6-тармағында айқындалған. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100006951#z10

ТӘЖІРИБЕ

Тәжірибе ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасы философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін педагогикалық және зерттеу тәжірибесін қамтиды.

Педагогикалық тәжірибе кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда бакалавриат, магистратура және резидентура білім алушыларына сабақ өткізуге тартылады.

Докторанттың зерттеу тәжірибесі отандық және шетелдік медициналық ғылымның заманауи теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ диссертациялық зерттеуде практикалық дағдыларды бекіту, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін, деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістерін қолдану мақсатында жүргізіледі.

Докторанттың өндірістік тәжірибесі оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Зерттеу және өндірістік тәжірибелердің мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен айқындалады.

ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ҒЗЖД) шеңберінде инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу мақсатында докторанттың жеке жұмыс жоспарында ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салаларға немесе қызмет бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда, оның ішінде шетелде ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өту көзделеді.

Докторант Университетпен бірлесіп докторанттың тағылымдамадан өту орнын және мерзімдерін дербес айқындайды, бұл ретте тағылымдаманың ұзақтығы кемінде 30 күнтізбелік күнді құрайды.

Тағылымдама бағдарламасының мазмұны докторанттың зерттеу бейініне сәйкес келеді.

Тағылымдама бағдарламасын Университет тағылымдама ұйымдастырылатын ұйыммен бірлесіп бекітеді.

Тағылымдаманы зерттеу тақырыбы бойынша алдын ала зерттеу нәтижелері және (немесе) жарияланымдары бар тұлғалардан өту көзделеді.

Тағылымдаманың нәтижелері Университеттің ғылыми семинарында қаралады.

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ (ҚА)

Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламасының МЖБС, оқу жоспары және жеке оқу жоспары талаптарына сәйкес білім беру процесін толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі.

Философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) кадрларын даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі критерийі докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қамтитын кемінде 180 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.

Бітіруші академиялық оқу жылында білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының, жеке оқу жоспарының, теориялық оқытуға арналған оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған докторант жазғы семестрден өтпей, теориялық оқытудың қайта академиялық кезеңіне қалдырылады.

Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаларға жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің оң шешімі негізінде философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес диплом және оған қосымша (транскрипт) беріледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу жұмысын (ҒЗЖД) орындамаған докторантқа кейінгі жылдары ҒЗЖД бойынша академиялық кредиттерді қайта меңгеруге және диссертациясын ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, ҒЗЖД орындаған, бірақ докторлық диссертациясын қорғамаған докторантқа оқу нәтижелері мен академиялық кредиттер есептеледі және оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде диссертациясын тегін негізде, ал кейінгі жылдары ақылы негізде, кемінде 4 академиялық кредит көлемінде қорғауға мүмкіндік беріледі.

Бұл ретте оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл өткен соң докторант диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесін (research proposal) ақылы негізде қайта бекіткеннен кейін ғана қорғауға жіберіледі.

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ 2024 – 2025:

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ 2024 – 2025:

САБАҚ КЕСТЕСІ 2024 – 2025:

ІШКІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР: