KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

7М10102 МЕДИЦИНА

Ғылыми-педагогикалық бағыт

БББ МАҚСАТЫ:
Медициналық ғылым мен білім беру саласында инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, сондай-ақ оларды практикалық және білім беру қызметіне енгізуге қабілетті мамандарды даярлау.

7М10101 ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ғылыми-педагогикалық бағыт

БББ МАҚСАТЫ:
Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау саласындағы менеджмент пен маркетинг, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметін мемлекеттік бақылау және реттеу салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; халықтың денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламаларды әзірлеу және оларды практикалық денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру; жоғары медициналық білім беру жүйесінде ғылыми және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті мамандарды қалыптастыру.

7М10101 ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Бейінді бағыт

БББ МАҚСАТЫ:
Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау саласындағы менеджмент пен маркетинг, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметін мемлекеттік бақылау және реттеу салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыруға, халықтың денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламаларды әзірлеуге және оларды практикалық денсаулық сақтау жүйесінде іске асыруға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

7М10112 ФАРМАЦИЯ

Ғылыми-педагогикалық бағыт

БББ МАҚСАТЫ:
Бәсекелестік орта жағдайында фармацевтика индустриясының әртүрлі бағыттарында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қажетті педагогикалық, зерттеушілік және кәсіби дағдыларға ие жоғары білікті мамандарды даярлау.

7М10111 ФАРМАЦИЯ

Бейінді бағыт

БББ МАҚСАТЫ:
Бәсекелестік орта жағдайында әмбебап және кәсіби құзыреттерге ие, практикалық фармация саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті білікті мамандарды даярлау.

МАГИСТРАТУРАДАҒЫ ОҚУ ПРОЦЕСІ:

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеушілік даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Кәсіби бағыттағы магистратура тереңдетілген кәсіби даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

МАГИСТРАТУРАДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

1) Теориялық оқыту, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін оқытуды қамтиды;
2) Магистранттардың практикалық даярлығы, практиканың әртүрлі түрлерін және кәсіби тағылымдамадан өтуді қамтиды;
3) Ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтиды;
4) Эксперименттік-зерттеу жұмысы, бейіндік магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтиды;
5) Аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ БЕКІТУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ

Оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға жетекшілік ету үшін ғылыми жетекші тағайындалып, диссертацияның (жобаның) тақырыбы бекітіледі.

Магистранттың диссертациясының (жобасының) тақырыбы және ғылыми жетекшісін (жетекшілерін) тағайындау мәселесі бітіруші кафедраның, Ғылыми-клиникалық кеңестің отырыстарында қаралып, Ғылыми кеңестің отырысында бекітуге ұсынылады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылыми дәрежеге ие болуы және ғылымның тиісті саласында (магистранттың білім беру бағдарламасының бейіні бойынша) ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізуі тиіс. Қажет болған жағдайда ғылымның сабақтас салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

МАГИСТРАНТТЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен әзірленетін жеке оқу жоспары (ЖОЖ) негізінде білім алады.

Магистранттың жеке оқу жоспары оқу кезеңінің барлық мерзіміне жасалады (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады) және келесі бөлімдерді қамтиды:

1) Теориялық оқыту (міндетті компонент пәндері және базалық әрі бейіндік пәндердің таңдау компоненті);
2) Ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімдері және есеп беру нысаны);
3) Практика (бағдарламасы, базасы, мерзімдері және есеп беру нысаны);
4) Магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбы, оның негіздемесі мен құрылымы;
5) Магистрлік диссертацияны (жобаны) орындау жоспары;
6) Ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспары.

Магистрант оқу жылының қорытындысы бойынша жеке оқу жоспарының орындалуын бағалау мақсатында жыл сайын академиялық аттестаттаудан өтеді.

МАГИСТРАНТТЫҢ МЕҢГЕРУІ ҚАЖЕТ КРЕДИТТЕР КӨЛЕМІ

Магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі магистранттың төмендегідей талаптарды меңгеруі болып табылады:

1) ғылыми-педагогикалық даярлау кезінде – кемінде 120 кредит, оның ішінде теориялық оқытуға – кемінде 64 кредит, практикаға – кемінде 20 кредит, ғылыми-зерттеу жұмысына – кемінде 24 кредит;
2) бейіндік даярлау кезінде – кемінде 60 кредит (оқу мерзімі 1 жыл болған жағдайда), оның ішінде теориялық оқытуға – кемінде 25 кредит, практикаға – кемінде 10 кредит, эксперименттік-зерттеу жұмысына – кемінде 13 кредит.

Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын белгіленген талаптарды орындаған жағдайда, магистрантқа оқу мерзіміне қарамастан «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРАДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1) магистрлік диссертация қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі проблематикасына сәйкес келуі тиіс;
2) өзекті болуы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын қамтуы тиіс;
3) ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі тиіс;
4) ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін пайдалана отырып орындалуы тиіс;
5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы тиіс;
6) тиісті білім саласындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.

ЭКСПЕРИМЕНТТІК-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1) магистрлік жоба қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі проблематикасына сәйкес келуі тиіс;
2) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқару міндеттерін шешуге бағытталған дербес шешімдерді қамтуы тиіс;
3) озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы тиіс;
4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтуы тиіс.

ТӘЖІРИБЕ

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы тәжірибенің екі түрін қамтиды:

1) педагогикалық практика – білім беру ұйымдарында;
2) зерттеу практикасы – магистрлік диссертация орындалатын жерде өткізіледі.

Педагогикалық практика практикалық дағдыларды және оқыту әдістемесін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей өткізіледі. Бұл ретте магистранттар бакалавриат білім алушыларына сабақ өткізуге тартылады.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның заманауи теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістерімен танысу мақсатында жүргізіледі.

Профильдік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік тәжірибені қамтиды.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту, оқып жатқан білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды, кәсіби құзыреттер мен кәсіби қызмет тәжірибесін қалыптастыру, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі.

Зерттеу (өндірістік) практикасының мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен айқындалады.

Практика ғылыми-практикалық бейіндегі, тиісті ресми шарт жасалған ұйымдарда өткізіледі.

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (ЭЗЖ)) шеңберінде инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу мақсатында магистранттың жеке жұмыс жоспарында ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салаларға немесе қызмет бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өту көзделеді.

Ғылыми тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына және зерттеу тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Тағылымдаманың ұзақтығы кемінде 14 күнтізбелік күнді құрайды.

Университет тағылымдама өтетін ұйыммен бірлесіп тағылымдама бағдарламасын және апталық жоспарын бекітеді.

Магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ/ЭЗЖ) шеңберінде инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу мақсатында магистранттың жеке жұмыс жоспарында ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салаларға немесе қызмет бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өту көзделеді.

Ғылыми тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына және зерттеу тақырыбына сәйкес келуі тиіс.

Тағылымдаманы шетелде өткен жағдайда, ол тиісті бағыт бойынша халықаралық рейтингтерге кіретін жетекші ғылыми ұйымдарда және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында өткізіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ (ҚА)

Магистранттарды қорытынды аттестаттау (ҚА) мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларында және академиялық күнтізбеде көзделген мерзімдерде магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нысанында өткізіледі.

Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы Аттестаттау комиссиясының отырысында жүзеге асырылады.

Магистрлік диссертацияның (жобаның) қолжазбасын дайындау магистрлік диссертацияны (жобаны) орындау және рәсімдеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.

Магистрлік диссертация (жоба) міндетті түрде плагиаттың бар-жоғын анықтау мақсатында тексеруден өтеді. Тексеруді жүргізудің қағидалары мен тәртібін «ҚазРосмедуниверситет» ББМ дербес айқындайды.

Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау үшін мынадай құжаттар болуы міндетті:
- ғылыми жетекшінің оң пікірі;
- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланымның болуы және/немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияда баяндама жасауы;
- бітіруші кафедраның қорғауға ұсыну туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасынан үзінді);
- біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес келетін рецензенттің бір рецензиясы;
- диссертацияда авторға және алынған материалдың дереккөзіне сілтеме жасамай пайдаланылған материалдардың бар-жоғын тексеруге уәкілетті ел органының диссертацияны плагиат тұрғысынан тексеру туралы анықтамасы (еркін нысанда);
- Жергілікті әдеп комиссиясының қорытындысы.

Магистрлік диссертацияға рецензияны біліктілігі қорғалатын магистрлік диссертацияның бейініне сәйкес келетін, бөгде ұйымдардың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе магистр академиялық дәрежесі бар сыртқы мамандары береді.

ОҚУДЫ АЯҚТАУ

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, алайда ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында зерттеу компоненті бойынша кредиттерді қайта меңгеруге және диссертацияны қорғауға ақылы негізде мүмкіндік беріледі.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, алайда белгіленген мерзімде магистрлік диссертациясын қорғамаған магистранттың магистратурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылады.

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ 2024 – 2025:

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ 2024 – 2025:

САБАҚ КЕСТЕСІ 2024 – 2025:

ІШКІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР: