KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2024 жылғы 17 қыркүйекте университетте тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасымен бірлесіп студенттермен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Студенттер алдында кафедраның аға оқытушысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Э.А. Туганова өз сөзінде Жолдауда қоғам дамуының барлық негізгі мәселелері көрсетілгенін, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту, білім беру, денсаулық сақтау, бизнесті қолдау шаралары туралы бағыттар көрсетілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер оның өз сөздерінде үнемі қойылып отыратын мақсаттарымен байланысты. Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Г.К. Шуланбекова «Жоғары білім беруді интернационалдандыру» атты баяндамамен сөз сөйледі, Президент Жолдауында қозғалған барлық бағыттар талқыланды. Студенттер Президенттің 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау туралы бастамасын оң бағалады, Жолдаудың негізгі тәсілдерін қолдады және оны іске асыруға дайын.