KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі кафедралармен бірлесіп, 2024 жылғы 24-25 қыркүйекте барлық факультеттердің 1 курс студенттері үшін «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: табысты еңбек әулеттері, отбасылық дәстүрлер мысалында еңбек құндылықтарын ілгерілету, еңбек мәдениетінің жоғалған дәстүрлерін жаңғырту, жастарды кез келген еңбекті құрметтеу дәстүрлеріне тәрбиелеу.