«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» атты дөңгелек үстел
2025 жылдың 28 ақпанында университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚРМУ Жастар ассамблеясының мүшелері, Студенттік кеңес мүшелері және басқа да студенттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің ашылуында Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Совостьянова Т.А. сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлік, келісім және мәдениетаралық диалогты нығайтудағы 30 жылдық рөліне тоқталып өтті. Сондай-ақ бұл қоғамдық институттың әлеуметтік-саяси тұрақтылықты дамытуға, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтауға қосқан үлесін ерекше атап өтті. ҚРМУ Жастар ассамблеясы төрағасының орынбасары Қараджанов Сұлтанбек Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, жетістіктері және негізгі қызмет бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. Дөңгелек үстелдің соңында достық, мейірімділік және келісімді бейнелейтін, халықтар бірлігін білдіретін мерекелік концерт өтті.