Жалпықалалық сенбілік
Алматы қаласы әкімінің экологиялық айлық өткізу туралы бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 19 қазанда таңғы сағат 9-дан бастап Қазақстан – Ресей медициналық университеті қызметкерлері мен студенттері оның ішінде Әскери кафедра жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Әскери кафедраның 75 студенті қаладағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосып Университетке іргелес аумақты санитарлық тазартып абаттандырды. Жақсы көңіл-күйде және жетістікке жету сезімімен сенбілікке қатысушылар үйге аттанды.