Қазақстан Республикасы күні аясында «Қазақстан жастары және XXI ғасырдың құзыреттері» атты тренингі
2024 жылдың 23 қазанында, Қазақстан Республикасы күніне орай, Тілдік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Арзиева Алия Тохтамысовна «Қазақстан жастары және XXI ғасырдың құзыреттері» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингке қатысушылар: Стоматология факультетінің 1-курс студенттері. Мақсаты: заманауи әлемде бағыт-бағдар табуға және ақпарат ағынымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін XXI ғасырдың негізгі құзыреттерін дамыту. Шара барысында қатысушылар XXI ғасырдың құзыреттерін, атап айтқанда, креативтілік, сыни ойлау, цифрлық сауаттылық, тайм-менеджмент және коммуникация дағдыларын дамытудың маңыздылығын көрсетті. Әр топ өз жобаларын таныстырып, игерген дағдылары мен негізгі идеяларын айқын көрсетті. Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жүлделі орын алған командаларға дипломдар берілді: •Гран-при – «Знамя Победы» командасы (капитан Кубенов Н.) •I дәрежелі диплом – «Kazakh Dent» командасы (капитан Нұржаханова Е.) •II дәрежелі диплом – «Сила» командасы (капитан Қалдарбек А.) •III дәрежелі диплом – «Алаш 21 века» командасы (капитан Жақсылықбай Ұ.) және «Synergy Squad» командасы (капитан Темербаева Ш.)