25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қазақстан-Ресей медициналық университеті баршаңызды Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі — Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Республика күні — еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің, бірлігі мен жарқын болашағының символы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, әр отбасына бақыт пен шаттық, ал мемлекетімізге өркендеу мен толағай табыстар тілейміз! Қазақстанымыз гүлденіп, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!