Қазақ-Ресей медициналық университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты
Байланыс ақпараты:
Мекен-жайы:
Алматы қ., Абылай хан 51/53. 300А кабинеті
Телефон:
+7 (727) 329 33 05
Телефон:
+7 (727) 329 33 04
Телефон (WhatsApp):
8 747 914 86 94
Электрондық пошта:
dnpo16@ mail.ruwww.medkrmu.kz
Instagram:
dop_obrazovanie_krmu
Қосымша ақпарат:
KTP, Дәріс кестесі, Санаттарды растау ережелері, KR DSM-274 бұйрығы, KR DSM-303 бұйрығы, және басқалар...ҚРМУ дипломнан кейінгі білім беру институтының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі: 09.00 - 18.00
Сейсенбі: 09.00 - 18.00
Сәрсенбі: 09.00 - 18.00
Бейсенбі: 09.00 - 18.00
Жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі: Демалыс күні
Жексенбі: Демалыс күні
Біліктілікті арттыру циклдарынан өту үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- маманның өтініші;
- маманды оқуға жіберу туралы бұйрық;
- бюджеттік циклдар үшін жұмыс орнынан анықтама
- оқу ақысын төлеу туралы келісім-шарт және құжаттар (келісімшарттық циклдар үшін);
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі;
- интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі;
- біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат;
- маман сертификаты.
Өзімен бірге болуы тиіс:
- санитарлық кітапшаны;
- мед. халат;
- ауыстырылатын аяқ киім;
- хир. костюм (хир. профиль циклдері үшін).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі:
| "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" | ||
|---|---|---|
| Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары | |
| Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | 1) көрсетілетін қызметті беруші ( көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал). | |
| Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі |
көрсетілетін қызметті беруші:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - отыз минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты -1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс. портал арқылы - құжат тапсырылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс. |
|
| Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және ( немесе) қағаз түрінде ҚР резидентті емес тұлғаларға. | |
| Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі-Қағидалар) біліктілікті арттыру қағидаларына 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік ;
2) сертификаттық курстан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық курс туралы куәлік. 3) қосымша білім беруді аяқтамау туралы: Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру қағидаларының 5- қосымшаға сәйкес қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама. |
|
| Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін | |
| Жұмыс кестесі |
Дүйсенбі - 09.00-18.00
Сейсенбі - 09.00-18.00 Сәрсенбі - 09.00-18.00 Бейсенбі - 09.00-18.00 Жұма - 09.00-18.00 Сенбі - Демалыс Жексенбі - Демалыс |
|
| Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
• маманның өтініші;
• маманды оқуға жіберу туралы бұйрық; • бюджеттік циклдер үшін жұмыс орнынан анықтама; • оқу ақысы төленгені туралы шарт және құжаттар (шарттық циклдер үшін); • жеке куәліктің көшірмесі; • жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі; • интернатураны аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі; • біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат; • маман сертификаты; Өзіңізбен бірге әкелу қажет: санитарлық кітапша, медициналық халат, ауыстыратын аяқ киім, хирургиялық костюм (хирургиялық бейіндегі циклдер үшін). |
|
| Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) жеткіліксіздігін анықтау. |
|
| Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
• Қызмет көрсетушілердің мекенжайлары мен байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе қызмет көрсетушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
• Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету процесінің кез келген кезеңінде ала алады. |
|