"Қазақстан-Ресей медициналық университеті" ҰҚУ әскери кафедрасында оқуға студенттерді іріктеу
Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталып, іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады (университеттің академиялық күнтізбесі бойынша жазғы сессия аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей).
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар 2 курс студенттерінен (5 жылдық оқумен) қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар 1-ші, 2-ші (4 жылдық оқумен) және 1-ші, 2-ші, 3-ші курс студенттерінен (5 жылдық оқумен) қабылданады.
Байқауға 24 жастан аспаған студенттер, оның ішінде студент қыздар да байқауға қатысуға жіберіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеуді іріктеу комиссиясы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен жұмысқа қабылдау жоспарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.
Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы негізде жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген студент төменде көрсетілген құжаттарды рәсімдейді:
Өтініш (әскери кафедрада беріледі және толтырылады);
Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);
Тіркеу куәлігі (жігіттер) немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);
3х4 см көлеміндегі 2 фотосурет;
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);
Факультет деканы қол қойған студенттің оқуы туралы анықтама.
Әскери кафедрада білім алу үшін студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады:
Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес медициналық тексеруден өту 21.12.2020 ж. № 716;
Кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;
Дене дайындығын тексеру;
Конкурстық іріктеу рейтингтік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылады, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы жасайды және бекітеді).