Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы қысқы универсиада
2024 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасындағы Х-ші Қысқы Универсиада аясында Қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өтті. Қысқы Президенттік көпсайыс 3 түрді қамтыды: 1. Пневматикалық мылтықты ату 2. Күштік гимнастика: ерлер штанганы тарту, әйелдер-иілу-жату кезінде қолды созу (итеру) 3. Шаңғымен жүгіру: ерлер 5 км, әйелдер 3 км. КРМУ құрама командасы алғаш рет қысқы Универсиадаға қатысып, өздерінің барлық шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ҚРМУ құрама командасы 5 орынды иеленді.