М. Әлиев мұражайына саяхат
2024 жылдың 13-14 қарашада университетте барлық факультеттердің 1 курс студенттері көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, еліміздегі хирургтар мектебінің негізін қалаушы, Халықаралық хирургтар қауымдастығының мүшесі, Халық ҚаҺарманы Мұхтар Әлиұлы Әлиевтің мұражайымен танысты. Мұражайда М.Ә.Әлиевтің балалық шағы, отбасы, студенттік кезеңі туралы фотоқұжаттар; ғылымдағы жетістіктері туралы құжаттар; ҚР Денсаулық сақтау министрі лауазымында болуы туралы құжаттар; А.Н.Сызғанов атындағы «Клиникалық және эксперименттік хирургия орталығының» президенті болып тағайындалуы туралы құжаттар және жеке заттардың шағын коллекциясы ұсынылған. Студенттер ұлы хирург және ғалымның тұлғасына үлкен қызығушылық танытты.