Дүниежүзілік лепрамен ауыратын науқастарға көмек көрсету күніне арналған қайырымдылық акциясына қатысу
2025 жылғы 30 қаңтарда фтизиатрия курсы бар дерматовенерология кафедрасының резидент-волонтерлері «Гансен ауруы және дерматоздар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинарға және Дүниежүзілік лепрамен ауыратын науқастарға көмек көрсету күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық акцияға қатысты. Іс-шараны Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – лепраға қатысты мәселелер бойынша қоғамның хабардарлығын арттыру және дерматология саласындағы мамандардың пәнаралық ынтымақтастығын кеңейту. Мұндай іс-шараларға резиденттердің қатысуы болашақ дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, клиникалық ойлау қабілетін дамытуға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.