KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылдың 31 наурызы күні 206 А тобының студент-волонтерлері және топ жетекшісі Джаманова У.И. (Анатомия курсымен кафедрасы) «Мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарының ассоциациясындағы» балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Іс-шараның алғашқы сәтінен бастап балалар оларды қуанышпен қарсы алды, ал волонтерлер балаларға көңілді және қызықты мерекелік бағдарлама даярлап, қуаныш пен күлкіге толы атмосфера орнатты. Әр балаға сыйлық беріліп, бұл сыйлық күтпеген тосын сый болып, қамқорлықтың белгісіне айналды. Мереке барысында барлық қатысушылар – балалар мен олардың ата-аналары мерекенің шырайлы атмосферасына еніп, студенттер өткізген қызықты ойындарға белсене қатысты. Балалар байқауларға қуана қатысып, жұмбақтарды шешті, ал олардың ата-аналары балаларымен бірге қуанышты сәттерді бірге өткізді. Бұл тек іс-шара емес, шынайы кездесуге айналды, ол жылулыққа, қолдауға және қамқорлыққа толы болды, әр адам өзін үлкен әрі тату қауымдастықтың маңызды бөлігі ретінде сезінді.