ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!
Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Семей медицина университеті КЕАҚ ұйымдастырған жоғары және арнайы орта медициналық оқу орындарының білім алушылары арасындағы «Әлихан Бөкейхан – мұрасы ұлт қазынасы» атты халықаралық олимпиадаға Қазақстан-Ресей медицина университетінің Медицина факультетінің 2-курс студенттері қатысты.Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы М. Нұрмұханбетқызының жетекшілігімен қатысқан Ғазиза Амангелді, Амина Қуанышқызы және Әдіс Шерхан жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иеленіп, жеңімпаз атанды! Жеңімпаз студенттер 1 дәрежелі диплом және сертификаттармен марапаттады!