KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылдың ақпан айында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Тілдік пәндер» кафедрасында қазақ тілі секциясының ұйымдастыруымен «Ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кештің мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның поэзиясындағы терең мағыналар мен ұлттық рухты дәріптеу болды. Кеш барысында Мұқағалидың өлеңдері оқылып, «Kahoot» ойыны ойнатылды. Әдеби-сазды кеш қойылыммен қорытындыланды, онда «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының негізгі идеясы – табиғатқа қиянат жасамау, ана мен табиғаттың заңдарын құрметтеу керектігі көрсетілді. Кеш студенттер мен көрермендерге үлкен әсер қалдырып, қазақ әдебиетін терең түсінуге мүмкіндік берді.