«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының волонтерлік іс-шарасы
2024 жылдың 3 қазанында Халықаралық қарттар күні қарсаңында Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының кураторлары У. Кукембай, Р. Ақтілеуованың жетекшіліктерімен еріктілер тобы, Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері «Үлкен отбасы» қарттар үйіне барды. Іс-шараның мақсаты — студенттердің әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын дамыту және жастардың қоғамға белсенді қатысуы үшін алаң құру. Студенттер қарттарды көңіл көтеріп, оларға қуаныш пен қарым-қатынас сәттерін сыйлау үшін концерттік бағдарлама дайындады. Концертте ән, би орындалып, өлеңдер оқылып, музыкалық аспаптарда ойналды. Мұндай кездесулер тек үлкендерге ғана емес студенттердің өздеріне де көмектесіп аға ұрпаққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады.