KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 10–11 сәуір аралығында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы және «Заң мен тәртіп» нарративасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ауқымды акция өткізді. Іс-шараға университеттің барлық факультеттері мен курстарының студенттері қатысты. Жастар арасында қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған кураторлық сағаттар барысында студенттерге қаржылық пирамидалардың қауіптілігі, «дропперлік» ұғымы, оған тарту тәсілдері мен мұндай әрекеттер үшін көзделген жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді.