KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 15-16 ақпанда Алматы қаласының спорт алаңдарында «ALMA CUP» «Алматы қаласының жастары арасында түрлі санаттағы спорттық ойындарды ұйымдастыру» жобасы аясында ерлер мен әйелдер командалары арасында баскетболдан Турнир өтті. «ALMA CUP» - бұл Қазақстан Республикасында баскетболды дамыту үшін Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында баскетболдан ашық турнир. Жарысқа 26 команда қатысты. ҚРМУ университетінің құрамасы: Мамедов Эльнур, Ни Юрий, Рахман Ерен, Қызыхан Жарас, Жұмабеков Әлмұхамет, Қалдарбек Әділет, Фролов Максим, Мұхтар Есен, Болтенков Константин, Әділов Муслим, Қайыр Бекарыс, Брусенцов Даниил, Байчеркешов Руслан Қазақ спорт және туризм академиясы және Нархоз университеті сияқты мықты командалар тобына кірді. Жарыс қорытындысы бойынша топта үшінші орын алып, плей-оффқа шығудан бір қадам қалып қойды.