KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2024 жылдың желтоқсан айында Дерматовенерология кафедрасының волонтерлері, кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты А.А. Толыбекованың жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1 курс студенттеріне жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттерге жыныстық жолмен берілетін негізгі инфекциялар, қоздырғыштар, берілу жолдары, аурудың белгілері туралы ақпарат ұсынылды, дәрігерге уақтылы барудың маңыздылығы атап өтілді.