Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кураторлық сағаттар
2025 жылғы 26-29 мамыр аралығында университетте Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай кураторлық сағаттар өткізілді. Іс-шараларды Акушерлік және гинекология, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, Тілдік пәндер, Дерматовенерология және басқа да кафедралардың кураторлары ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, елдің тарихи өткенімен байланысты құрмет көрсету, сондай-ақ жастардың бойында патриоттық сезім мен азаматтық сана қалыптастыру. Кураторлық сағаттар аясында студенттер қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы баяндамалар дайындап, Қазақстан тарихының қайғылы кезеңдеріне арналған бейнефильмдер мен презентациялар ұсынды. Бұл іс-шаралар студенттердің ел тағдырына деген жанашырлығын арттырып, тарихи жадымызды сақтау маңыздылығын ұғынуға ықпал етті.