KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Волонтерлік қызмет аясында, жыл соңында, мүмкіндігі шектеулі балаларға консультациялық көмек көрсету бойынша Офтальмология және Неонатология кафедраларының бірлескен жұмысы жүргізілді. Волонтерлер, үшінші оқу жылының резиденттері, Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ, «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Арман» Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Қостанай балалар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 60 - тан астам балаларды тексеруден өткізді.