«КБТУ-2025 шахматтық семестрі»
2025 жылдың 1–2 қарашасында Қазақстан-Британ техникалық университетінде еліміздің жоғары оқу орындары арасында дәстүрлі командалық шахмат турнирі – «КБТУ-2025 шахматтық семестрі» өтті. Биылғы жарысқа елдің жетекші университеттерінен 30 команда қатысты. Қазақстан-Ресей медицина университетінің құрамасы екі команда шығарып, студенттеріміздің жоғары зияткерлік әлеуетін дәлелдей отырып, тамаша нәтижелер көрсетті. Қатты бәсекелестік жағдайында біздің шахматшылар университетіміздің намысын абыроймен қорғады: • КРМУ-дың бірінші командасы (Нұрдәулет Олжас – Стоматология, 2-курс; Қодирй Хушдили – Жалпы медицина, 3-курс; Зульфухаров Медет – Жалпы медицина, 4-курс; Қодирй Нуқрабонуи Парвин – Стоматология, 1-курс) жалпы есепте 5-орынды иеленді. • КРМУ-дың екінші командасы (Батурин Станислав – Жалпы медицина, 4-курс; Темиралы Бекболат – Фармация, 2-курс; Мусабек Абылайхан – Стоматология, 5-курс; Бахытова Алия – Медицина, 2-курс) да лайықты нәтиже көрсетіп, турнирді 20-орында аяқтады. • Жеке есепте Батурин Станислав 3-үстелде екінші орынды иеленді! Айта кетерлігі, КРМУ командаларының алдында тек шахмат дәстүрі мықты техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары мен жарыстың иелері – КБТУ командасы орналасты. Осылайша, біздің университет гуманитарлық және көпсалалы жоғары оқу орындарының арасында жоғары дайындық деңгейін көрсете отырып, үздіктер қатарына сенімді түрде енді.