2026 жылғы 14 наурызда анатомия кафедрасында топографиялық анатомия бойынша ІІІ ЖОО ішілік олимпиада өтті.
«Жалпы медицина» факультетінің 2–6 курс студенттерінен құралған 6 команда теориялық және практикалық кезеңдерден өтіп, өздерінің жоғары деңгейдегі білімдерін, клиникалық ойлау қабілеттерін және практикалық дағдыларын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Іс-шара салауатты бәсекелестік, кәсіби қызығушылық және командалық қолдау атмосферасында өтті.