«Таза Қазақстан» — тазалық, қамқорлық және құрмет!
Халықаралық қарттар күні мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында университет студенттері әлеуметтік акцияға қатысып, игі іске өз үлестерін қосты. Ерікті студенттер «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, сенбілік ұйымдастырды. Акция барысында аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаның тазалығы мен жайлылығын сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл шара аға буынға деген құрметтің, қоршаған ортаға қамқорлықтың және қоғам алдындағы жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды. Студенттер өздерінің жанашырлығын, мейірімділігін және белсенді азаматтық ұстанымын танытып, игі бастамаға атсалысты.